14.03.2014

14 Наурыз - "Көрісу күні"



Бүгін Алла қаласа 14 Наурыз - "Көрісу күні". Ол да бір қазағымыздың ізгіліктің, бейбітшіліктің мейірімі төгілген асыл мерекесі. Көрісу — яғни Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Қол алысып, төс қағыстырады. Бұл күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық үмытылады (бәріміз періште емеспіз, кейде байқамай, кейде қасақана ренжітіп қойып жататын күндеріміз де болады, міне сол ағаттығымыздың орнын толтыру үшін таптырмас мереке), көрші-көлем бір-бірін қонаққа шақырьп, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Қалыс қалмаңыздар Достар, ендеше бірінші болып мен бастайын:
"Бір Жасыңызбен Достым")

құрметпен Рафхат Жұмабай

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір