15.03.2014

Тото Кутуньо енді біздің елімізде!



Италияға ғана емес, күллі әлемге аты танылған әнші әрі композитор Тото Кутуньо енді біздің елімізде де өнер көрсететін болады. Жетпісті алқымдаған өнер иесі Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласындағы Республика сарайында наурыз айының жиырма сегізінші жұлдызында жеке концертін бергелі отыр. Ал елордадағы концерті отызыншы наурызға жоспарланып отыр. Айтулы кеш "Қазақстан" Орталық концерт залында өтеді.

Италияның алтын дауысына айналған Тото Кутуньоны мыңдаған жанкүйерлері асыға күтіп жүр десе де болады. Себебі, оның концерттері барлық елдерде аншлагпен өтеді. Әншінің кейбір әндері біздің ата-аналарымыздың жастық шағының әнұранына айналған. Бір кездері "Мам, мам Мария" әнімен қазақстандықтардың жүрегін жаулаған әнші бұл жолғы кешінде ең үздік деген хит әндерін орындайтын болады. Олардың арасында "L’italiano", "Africa", "Solo Noi", "Soli", "Donna, donna mia" сынды танымал әндер бар.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір