Адамдар ерте кездерден-ақ футбол ойнаған. Мәселен, қытайлықтар бағзы замандардан-ақ өз елдерінде «куджу» деген ойын болғанын және оны тек жай қызығушылар ғана емес, әккі ойыншылардың да ойнағанын айтады. Бұл ойынды жауынгерлерді шынықтыру және қиын заманда бір-бірімен өштескен тайпаларды біріктіру мақсатында император Хуанди ойлап тапқан екен.
Біреулер Қытай еліне спортты Хань әулетінен шыққан Ву Ди атты император енгізген дегенді айтады. Оның кезінде де куджуды бар ынтасымен ойнаушылар көп болған және сол кездері алаңның әр шетінде алты қақпадан тұрған. Тан әулеті дәуірінде қақпа саны азайып, әрі онда тор пайда болыпты. Сосын олар үрмелі доппен ойнаған көрінеді. Ал Сун әулеті билік құрған кезеңде куджу тіпті коммерциялық спорт түріне айналып, кәсіби ойыншылар тәп-тәуір ақша тапқан. Осы кезден бастап куджу клубтары құрылған және оған кез-келген адам кіре алмаған. Қызығы, Мин әулеті (б.з. 1368-1644 жж.) заманында бұл ойын ұмыт қалған. Сондықтан футболды алғаш ойлап табушы атануға қытайлықтардың дауласуы негізсіз емес секілді. Өйткені Халықаралық футбол федерациясы – ФИФА-ның өзі Қытай мемлекетін футбол отаны деп жариялап жіберді.
Жапондықтар да өздерінің «кемари» деген ойындарының қазіргі футболдың алғашқы түрі екенін айтады. Куджудың бір түрі болып табылатын кемари ойыны Жапонияда шамамен 600-жылдары пайда болыпты. Кейін бұл ойынды қайта жаңғырта білген жапондар қазір де Асука дәуіріндегі каригин дейтін киімдерін киіп алып, кемари ойнайды. Алайда кемаридің футболмен ұқсастығы аз. Мұнда ойын шарты бойынша ойыншылар тек допты жерге түсіріп алмаулары керек. Сондай-ақ допты қолмен ұруға болмайды. Француз халқында да ла-шуль немесе ла-суль деген ойын болыпты. Бретондықтар, нормандтар, пикардийліктер (бұл халықтар ертеде бір-бірімен қосылып кеткен) аталмыш ойынды белсене ойнаған көрінеді. Ойынның танымал болғаны соншалық – көрермендер арасында патшалар да отырған. Ал епис коптар бұл шайтани ойынға тыйым салуға тырысқан. Деректер бойынша 1841 жылы өткізілген матчқа 2 жақтан 800 адам қатысса, көрермендер саны 8 мыңға жетіпті. Бір өкініштісі, бұл ойын да кейін ұмыт қалған. Ал итальяндықтар былай дейді: «Біздің Флоренцияда ХVI ғасырда-ақ Санта-Кроче, Санто-Спирито, Санта-Мария Новелла алаңдарында бәрі кальчо ойнаған. Ал граф Вернио (Джованни де Варди) 1580 жылы ойын ережелерін құрастырған».
Бұл ойынды аяқпен де, қолмен де қатар ойнағандықтан, командалардағы ойыншылар саны 27-ге жеткендiктен, ауыр жарақаттанғандар, тiптi өлiм құшқандар да көп болыпты.
Футболды иемденгiсi келетiндердiң қатарында гренландиялық эскимостар да бар. Олар 1586жылы ағылшын теңiзшiлерiне аксактук ойынын үйреткенiн айтады.
Флоренция. Санта-Кроче алаңындағы кальчо ойыны
XVI ғасырдағы кальчо ойыны. Италия
Англия Кубогының алғашқы жеңiмпазы- Королевские инженеры командасы. 1872 жыл
-Англия- футбол отаны
-Ең алғаш 1174-1183 жылдары футболға сипаттама берген Уильям Фицстивен болатын. Доппен ойналатын бұл ойын да қазiргi футболдан басқаша болған. Негiзi, оның жазып отырғаны шроветайд футболы секiлдi. Шроветайд футболы Дербишир графтығындағы Эшборн қаласында әлi күнге дейiн ойналады. Екi күн бойы Эшборн тұрғындарының бiр бөлiгi екiншi бөлiгiнен допты тартып алып, белгiленген орынға бiрiншi болып жеткiзуге тырысады. Ауызша деректерде доп орнында жауапқа тартылған қылмыскердiң кесiлген басы болғандығы да айтылады. Бәлкiм, Фицстивен мобфутболды тамашалаған болар, тiптi оған тыйым салуға әрекеттер жасалған.
1314 жылы сэр Николас де Фарндонның жазбаларында алғаш рет "футбол" деген атау пайда болады. Оның жазуынша, футбол-шайтани ойын, одан тек қана зардап шегесiң, ақыл-ой тұманданып, көшелерде тәртiпсiздiк орын алады. 1349 жылы III Эдуард патша өз жазбасында "футбол" сөзiн оған тыйым салу ретiнде қолданған. Алайда әдеби шығармаларда "доп соғу" деген тiркес көптеп қолданыла бастайды. Патшаның түсiнiгiнше, Франциямен кескiлескен соғыс жүргiзiп жатқан кезде бұл ойын ер-азаматтардың маңызды iстермен айналысуына кедергi келтiрген.
1409 жылы IV Генрих патша футболға емес, футболды ақшаға ойнауға тыйым салады. Тiптi айыпкер түрмеге отырғызылатын болған.
Тек 1314-1667 жылдар аралығында ғана Англияда футбол ойнауға тыйым салынған 30-дан астам патша жарлықтары шыққан. Әйтсе де, футболдың танымал болғаны соншалық- оған билiк те, дiн өкiлдерi де тоқтау сала алмайды.
Қызығы, патшалардың өздерi де футболды жек көрмеген.
Мысалы, 1526 жылы VIII Генрих патша футбол ойынына қатысып, әлемде бiрiншi болып футбол аяқкиiмiн (бутсы) киген. Ал I Яков "Спорт кiтабы" еңбегiнде иелiгiндегiлерге әр жексенбi cайын футбол ойнап тұруға кеңес берген. Оның айтуынша, шiркеу жағалап жүргенше футбол ойнау әлдеқайда пайдалырақ болған. Ол кездерi футболды қазiргiдей ойнамаған. Футболды көше мен көше, цех пен цех, қыстақ пен қыстақ, тiптi қала мен қала бiр-бiрiмен күнi бойы ойнаған. Еркектер де, әйелдер де қағып-соғып өту арқылы допты алға қуалауды ғана бiлген.
XIX ғасырдағы футбол қазiргi футболға ұқсас болды. Бiрақ ол кездерi жұмыс уақыты сегiз сағаттан артық болатын. Ауыр еңбектен шаршаған жұмысшылар бос уақыттарында қайтiп футбол ойнасын?
Сондықтан футболды тек ақсүйектер ойнаған.
Комментариев нет:
Отправить комментарий
Пікір