30.03.2014

Арақтың зияны туралы бірер дерек



Бүгінгі күні ең үлкен індетке айналған, әсіресе жастарға төніп тұрған қауіптің басында спиртті ішімдік және есірткі тұр.
Құран кәрімде былай делінген: «Ей иман келтіргендер, арақ, құмар, пұттар, палшылық оқтары – шайтанның нәжіс істері, тозақтан құтылу үшін бұлардан ұзақ тұрыңдар!»
Хадис шәрифте былай делінген: «Арақ күнәлардың ең үлкені, барлық жамандықтың, барлық күнәнің анасы.»
Арақтың зияндарының біршамасы төмендегідей:
» Зиянды әдеттер, алғашқы қадамнан және алғашқы дәм татудан басталады. Тұзақтың ең үлені: «Бір рет көргеннен не шығады?» деп ойлау.
» Жол апаттарының көбі, мас жүргізушілердің себебімен болады.
» Спиртті ішімдіктер мен есірткілер, ми және орталық жүйке жүйесінің қас дұшпаны.
» Спиртті ішімдік қатерлі ісікке шалдығу себептерінің басында тұрады.
» Спиртті ішімдік ішетіндердің бауырлары қатты шаршайды. Соңында цирроз ауруына шалдықтыруы мүмкін.
» Арақ жүректің үлкеюі мен қан айналымының жүйелігін бұзады.
» Бүйрек қабынулары, жасушалардың зақымдануы және қуықалды бездің (простат) үлкейуі арақтың зияндарынан болып табылады.
» Асқазанның ішкі қабықшасын тітіркендіріп, гастрит пен асқазан жарасына(язва) себеп болады.
» Спиртті ішімдік тұтынғандардың ми жасушаларының көбі өледі. Кейін, параличке және өлуге себеп болады.
» Саналы және ерікті әрекеттердің орнын, санасыз және басқарылмайтын әрекеттер басады. Ойлану, ұялу және ар-намыс сезімдері әлсірейді.
» Бет және теріде тері аурулары пайда болады. Маскүнемдердің балалары көбінесе ақымақ, ұстамалы ауру, маскүнем... болады. Психикалық ауруы бар 1000 адамға жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны анықталған. Мүгедектердің 80%-ның себебі де, маскүнем болған ата-ана.
» Араққа салынғандарда, адам өлтіру және отбасы ұрыстары өте жиі кездеседі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір