07.05.2014

Өмір: әке мен қыз



Сәби кезі:
Әке: Қандай әдемі!Мына құртақандай бүлдіршін менің қызым ба?Көздері әкесінен аумайды екен!
Қыз: Көздерін менен алмай тұрған әкем шығар!
5 жаста:
Әке: Қызым-ау менің,алтыным,айта ғой,не қалайсың?Бүгін не әкелейін?
Қыз: Мен әкемді қатты жақсы көремін!Ол үнемі қасымда болса ғой,шіркін!
10 жаста:
Әке: Менің еркетайымның мінезі кімге тартқан екен?
Қыз: Әкем маған ақша берсе ғой!Дүкенге барар едім!
15 жаста:
Әке: Қалай тез бойжетті!Үйге кеш келетінді шығарды.Оған қатал болуым керек.Еркіне жіберіп қоюға болмайды.
Қыз: Әкемнің сөздері жалықтырып бітті.Ананы істе,мынаны істеме..деген сөздерді естігім келмейді.Еркін өмір сүруге қашан жетеді екенмін?
20 жаста:
Әке: Айтқанымды тыңдамайтынды шығарды.Барған сайын менен суып бара жатыр.Отырып сырласпағанымызға да көп болды.Тіпті соңғы рет отырғанымызды естен шығарыппын.
Қыз: Менің бір ауыз сөзімді көтере алмайды.Ештенені түсінбейді.Өзінің айтқанымен жүргенді қалайды.Ертерек тұрмысқа шығып,жеке шанырақ құруым керек.Әлі күнге дейін бала сияқты жүруден жалықтым!
25 жаста:
Әке: Бұл күннің де алыс еместігін білген едім.Міне қызымды құтты орнына қондырып жатырмыз.Арамыз алшақтап кетіп еді.Енді бөлек отау құрып,тіптен алыстап кететін болды..
Қыз: Тұрмысқа шығып,үйімді тастап кететініме әкемнің қиналып тұрғанын сезіп тұрмын.
30 жаста:
Әке: Өте сирек көрісетін болдық.Немелерімді бауырыма басқым келеді.Бізден гөрі достарына баруды дұрыс көреді.
Қыз: Үйіме бармағаныма да көп күннің жүзі болыпты.Телефон шалғанымда дауыстары мұңды еді.Келесі демалысымда кішігірім сыйлық алып көңілдерін бір аулап қойғаным жақсы болар.
40 жаста:
Әке: Қызым менің оқыған-түйгенімді жеткіліксіз деп санайды.Ескінің адамдарына жатқызады.Ол үй тапсырмаларының барлығын менімен бірге орындайтын.Түсінбегендерін түсіндіретінмін.Енді болса менің жәрдемімді қажет етпейтін болды.
Қыз: Әкем күн өткен сайын кішкентай балаға ұқсап бара жатыр.Болмашы нәрсеге ашуланып,ренжи беретінді шығарды.Соңғы кездері жиі-жиі аурып қалатын болды.Аман болса екен әйтеуір.
45 жаста:
Әке: Қызымның бақытты болғанын көру мен үшін үлкен бақыт!Өмірдегі мақтанышым мен абыройым осы-қызым!
Қыз: Әкемнің денсаулығы қатты уайымдатады.Онсыз қалуға дайын емеспін. Іштей қимаймын. Дәрілерлерді уақытылы ішпейтінді шығарды. Өмірін ұзағынан жазсын!
50 жаста:
Әке: Екі дүниенің бақытын тілеймін саған,жарқыным!
Қыз: Әке,әкетай! Сені қатты сағынамын! Енді маған ақыл айтып,кім көмектеседі? Әкешім сенің орныңды кім толтырады?
55 жаста:
Қыз: Сен кеткелі сенің қадірінді жақсы түсінетін болдым,әкешім! Сені түсінбей көп ренжіткенімді білемін. Ол үшін сенен кешірім өтінемін! Өмір мен ойлағандай еместігін кеш түсіндім! Қадіріңді білмегеніме әлі де өкінемін!


vk.com/gibratty_angimeler

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір