Жауынгерлік жекпе-жектің кез-келген түрі сияқты, тхэквондо да қаскөйлерден қорғануға мүмкіндік береді. Бірақ, өмір көрсеткендей, тхэквонда тек адамдармен ғана емес, қауіпті жыртқыштармен кездескенде де көмектеседі екен. Мысалы, акуламен! Оған Марико Хауген деген әйелдің Гавай аралдарында басынан кешкен оқиғасы дәлел.
Акула бір тойып, түстенсем деп ойласа керек?! Бірақ, ол Мариконың тхэквондо жаттықтырушысы екенін білмеген. Әрине, аузын арандай ашқан акуланы көргенде әлгі әйелдің байбалам салғаны анық. Бірақ әбден қалыптасқан рефлекстер іске қосылады. Ол бар білетін жекпе-жек тәсілдерін қолданып, акуладан қорғана бастайды.
Марикодан әбден «таяқ жеген» акула, аш жүре тұруға көнген. Өкінішке орай, акула әйелдің қолы мен санын тістеп үлгерген, бірақ анау айтқандай қатты жарақат салмаған.
Мамандардың айтуынша, шын мәнінде акуланың ең жанды жері тұмсығы көрінеді. Сондықтан да, тұмсықтан берілген соққы уақыт ұтуға, сөйтіп адамды құтқаруға мүмкіндік беруі әбден мүмкін.
Комментариев нет:
Отправить комментарий
Пікір