Дзюдоны ойлап табуға себеп болған шие ағашы
Аңызға сүйенсек, дзюдо мектебінің негізін қалаушы Дзигоро Кано күрестің негізгі қағидаттарын бақтағы ағаштарға қарап отырып, шығыс философиясының рухында пайым жасай отырып ойлап тапқан көрінеді. Оған дейін шебер көптеген жауынгерлік өнерді зерттеп, мінсіз күресті ойлап табу үшін солардың әрқайсысының үздік қырларын алғысы келген екен.
Бір күні, қалың жауған қардан кейін Дзигоро Кано, қардың салмағынан мықты деген бұталардың сынғанын байқайды. Тек жіңішке шие ағашының бұталары ғана өзінің иілгіштігінің арқасында қардың салмағынан еңкейіп тұрады. Дзигиро қардың салмағынан шие бұтасының қашан сынатынын күтеді. Бірақ шиенің бұтасы қардың салмағынан жерге тигені сол екен, қар сырғып жерге түседі де, ағаш қайта бойын жазады.
«Дзюдошы осындай болуы тиіс!» дейді Дзигоро Кано. Нәтижесінде ол аз күш жұмсап, көп нәтижеге қол жеткізуге мән берілетін, көбіне қарсыластың іс-қимылының есебінен жетістікке жетуге негізделген жүйені ойлап табады. Дзигоро Кано, осы қағидаттың тек қарсыласпен күресуде ғана емес, балаларды оқытуда, олардың ойлану қабілеттерін дамытуда, яғни «өмір сүру өнерін» игеруге көмектесетініне сенген.
Ұлы ұстаздың өмірге деген философиялық көзқарасын ескерсек, әлі күнге дейін осы күрестің әлемдегі басты орталығы болып табылатын алғашқы Кодокан дзюдо мектебі буддистер ғибадатханасында ашылғаны кездейсоқ емес сияқты?!
Комментариев нет:
Отправить комментарий
Пікір