07.04.2014

Ақ Жолбарыс атағын алған палуан туралы білесіз бе?



Дзюдоның отаны Жапонияда «Ақ Жолбарыс» деген құрметті атақты алған өзге ұлттың алғашқы өкілі кеңес балуаны Олег Степанов болған. Бұл спортшының жоғары шеберлігіне ұлт деңгейінде берілген баға, награда. Оған қоса, бұл атақ балуанға барлық клубтар мен мектептерде дзюдодан сабақ беруге құқық береді және оның иегері Жапониядағы кез-келген моншаға тегін бара алады, сондай-ақ ол «қару асынушы» ертіп жүре алады. Әлі күнге дейін сақталған дәстүр бойынша, «Ақ Жолбарыстың» соңынан әрқашан оның шәкірті еріп, оның формасы мен қаруын ұстап жүруі керек.
Степанов бұл атақты не үшін алды? Тек 1964 жылғы Токио Олимпиадасының дзюдодан қола жүлдегері, Еуропаның алты дүркін чемпионы және Еуропаның самбодан сегіз дүркін чемпионы болғаны үшін ғана емес! Олимпиадада өзге елдің өкілі Күншығыс елінің сүйікті балуанын кілемге алып ұрғанын көрген жапондықтар, оның күшіне тәнті болды.
Мұндай көріністі тіпті жапондық төрешінің өзі күтпеген еді, ол бірінші тәсілді орындаған кезде Олег Степановтың жеңісін есепке алмаған болатын. Бірақ дегенінен қайтпаған спортшы екінші рет қарсыласын «демалуға» жібергеннен кейін, жапон төрешінің жеңісті шетелдік спортшыға беруден басқа амалы қалмаған.
Оған қоса, дзюдоның нағыз жанкүйерлері болып табылатын көрермендер шетелдік балуан көрсеткен әдемі күреске тәнті болғаны сонша, олар татамиге бос стакандарын лақтырып, төрешіден әділ төрелік етуді талап ете бастайды.
Степановтың өзі кейін айтқандай, ол самбо жаттығулары кезінде үйренген әдісті қолданады. Спортшының айтуынша, дәл осы жайт ресейлік «самбоның» жапондық күрестен басымдығын паш етсе керек.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір