26.07.2014

Джеки Чан жеке ұшағын халыққа көрсетті



Атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші Джеки Чан өзінің жеке ұшағын халыққа көрсетті. Legacy 650 деп аталатын жеке ұшақтың бағасы 200 миллион юань(шамамен 32 миллион АҚШ доллары) тұрады. Ұшақ ішінде VIP асхана, тоңазыту бөлмесі және сусындақтар мен шарап сақтауға арналған бөлме де бар. Ұшақтың бір рет әуеге көтерілуіне 50-80 мың АҚШ доллары қаржы жұмсалады екен.

25.07.2014

Қант қалай жасалады?



Алдымен теріліп әкелінген қызылша үлкен астауға салынады. Содан кейін бірінен соң бірі кезекте тұрған машиналар жоғары көтеріп, жуын, оны майда тіліктерге кеседі. Тіліктерден шырын бөлінеді. Бірақ түсі ақ қызылша қара сөл бөледі. Осы сөлдер үлкен ыдыста жиналып түтікшелер арқылы өңдеуден өткенде, оның түсі мөлдір болады.
Қызылшадан алынған сөл қою болуы үшін үлкен мұнарада оның құрамындағы артық суларды буландырып шығарып тастайды. Шыққан затты тағы да тазартудан өткізіп, оған қант ұлпаларын себеді. Ұлпалар қоймалжың шәрбатқа араласып түйіршік болып «өсе» бастайды. Осылай қант кристалдары пайда болады. Кристалдарды арнайы қондырғыда жуып кептірген соң шекер пайда болады. Ал шекерден шақпақ қант жасалады. Міне, бір түйір қант жасалу үшін үлкен жұмыстар істеліп, көп тер төгіледі.

19.07.2014

Ли Вэй мырзаның креативті фотосуреттері

Ли Вэй осы секілді креативті фотосуреттер жасайтын шебер фотограф. Оның суреттерінде бірде-бір фотошоп қолданылмаған, барлығы шынайы түсірілген. Сенгім келмейді, бірақ интернеттегі Ли Вэй жайлы жазғандар бұны растап отыр. Снымен суреттер топтамасы.


















Қара тесік немесе қара домалақ. Креативті видео

Міне қызық! Кезекті креативті әрі қызықты, көңіл күй көтерер бейнеролик. Видеоның атын Қара тесік немесе қара домалақ деп атаймыз.



black hole