03.04.2014

Ядролық қарудан бас тартпаған елдер.

Әлемнiң тоғыз елiнде- АҚШ, Ресей, Қытай, Үндiстан Пәкiстан, Франция, Ұлыбритания, Солтүстiк Корея және Израильде ядролық қару бар екен.
АҚШ-та 12мың, ал Ресейде 21мың ядролық жарылғыш қару болса, Францияда шамамен 350 ядролық оқтұмсық бар. Олар «Мираж» атты 60 бомбалаушы ұшақ пен сүңгуiр қайықтарға арналған.
Ұлыбританияда 200-дiң үстiнде стратегиялық және жартылай стратегиялық ядролық қару бар. Олар сүңгуiр қайықтары мен баллистикалық зымырандарға арналған.
Қытайды 140-290 стратегиялық және 120-150 стратегиялық емес ядролық қару бар деп есептеледi. Пәкiстанда 50 атом бомбасы болса, Үндiстанның 50-60 ядролық қаруы бар.
Ал Израиль ядролық қару-жарақты таратпау жөнiндегi шартқа қол қоймаған ел болып саналады. Бұл ел 100-200 атом бомбасына ие.
Солтүстiк Корея 2002 жылы ресми түрде 10 ядролық қаруға ие болғанын жария еттi.
1991 жылдың 29тамызында Семей ядролық полигоны жабылғанда Қазақ елiнде 102 шахта, онда 1224 атом бомбасы бар едi. Оны АҚШ пен Ресейге берiп, осы екi алпауыт елдiң: «Егер Қазақ елiне өзге бiр мемлекет соғыс ашса, бiз сiздерге толыққанды көмектесемiз» деген келiсiмiн алды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір