07.04.2014

Дзюдо туралы қызықты деректер



Дзюдо – жекпе-жектің әлемдегі ең танымал түрі және айналысушылардың саны бойынша көш бастап тұрған спорттың бірі. Дүниежүзі бойынша 28 млн. астам татами үстіндегі «бұралаң жолды» игерумен адам айналысады екен. Әрине, ең көп дзюдошы осы күрестің отаны - Жапонияда тіркелген: онда дзюдогиді (дзюдомен айналысуға арналған киім) үстерінен тастамайтын сегіз млн. жуық адамды кездестіруге болады.
Ал о баста, Кодокан храмындағы алғашқы дзюдо мектебін ашқанда осы күрестің негізін қалаушы Дзигоро Каноның небәрі тоғыз шәкірті болған екен. Содан бері жаһан бойынша дзюдошылардың саны үш миллионға ұлғайған! Бұл спорт әуесқойларының қатарында АҚШ Президенті Теодор Рузвельт, үндінің ұлы ақыны және ойшылы Рабиндранат Тагор болған көрінеді.
Дзюдоны басқа жауынгерлік жекпе-жектердің негізін қалаушылар да зерттеген. Мысалы, айкидоның «атасы» Морихэй Уэсиба, бразилиялық джиу-джитсудің негізін қалаушы Мицуо Маеда және жаңа Ёсикан стилін ойлап тапқан Годзо Сиода. Осынау жекпе-жектің негізін қалаушы Дзигоро Каноның жұбайы Сумако Кано да дзюдомен айналысқан. Дзюдо бұл әулеттің отбасылық ісіне айналған: Дзюдоның әлемдегі ең алғашқы және беделді Кодокан мектебін бүгінде Дзигороның немересі Капо Юкимитсу басқарады.
Заманымыздың көптеген атақты адамдары күрестің осы түрінде жақсы жетістіктер көрсете алған. Мысалы, голливудтық режиссер Гай Ричи, актер Стивен Сигал, тіпті Германия канцлері Ангела Меркель. Чак Норристің өзі басқа жауынгерлік өнерлермен қоса дзюдоны да зерттеген. Әлемге танымал дзюдошылардың қатарында Ресей Президенті Владимир Путин де бар.
Әуесқойлар саны бойынша бүгінде дзюдоны басып озған спорт – футбол ғана. Бірақ, басқа жауынгерлік жекпе-жектердің арасында дзюдодан озған ешқайсысы жоқ!
Гений дзюдо
Ұлы жапон режиссері Акиро Куросава түсірген атақты бір фильмнің кейіпкері даңқты дзюдошы Акира Куросава болған. Ол өткен дәуірден жеткен есім. Ал бүгінгі күннің осындай даңқты дзюдошысы кім дейтін болса, ол - Ясухиро Ямасита. Жапонияның 9 дүркін чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы және 1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының алтын жүлдегері өз мансабын 1985 жылы 28 жасында аяқтаған. Бірақ содан бері оның рекордын әлі ешкім жаңарта алмаған: Ясухиро Ямасита халықаралық жарыстарда қатарынан 203 рет жеңіске жеткен тұлға (ара-арасында 7 рет қана тең түскен).
Ямаситаның әлемдік жеңістерінің қатарында –95 кг жоғары салмақта Парижде, Маастрихт пен Мәскеуде әлем чемпионаттарында (1978, 1981 және 1983 жылдары) алған алтындар, 1981 жылы Маастрихте абсолюттік салмақта алған алтын бар. Ясухиро Ямасита абсолюттік салмақ санатында дзюдо «алтынын» алған соңғы олимпиадалық чемпион екенін де айта кету керек.
Өз жеңістері үшін Ямасита 27 жасында Халық Құрметі сыйлығын алған азамат. Қазір ол көптеген беделді спорттық ұйымдарда, атап айтқанда, Токай университетінде, халықаралық және жапондық дзюдо федерацияларында нұсқаушы және консультант болып қызмет етеді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір