07.04.2014

Екі балуанның кездесулері


Еркін күрестің даңқты балуаны, кеңес спортшысы Александр Медведь - наградалар саны бойынша рекордсмен тұлға. Ол үш рет Олимпиадада жеңіске жеткен, жеті рет әлем чемпионы болған, төрт рет Еуропа чемпионы, тоғыз рет Кеңес Одағы чемпионы атанған. Және тағдырдың тәлкегімен болгар балуаны Осман Дуралиевтің жолын сегіз рет кескен спортшы!
Себебі, күрес тарихындағы ең жолы болмағыш балуан деген атағы бар Осман Дуралиев Медведьмен финалда сегіз рет кездескен. Және Медведь барлық кездесуде қарсыласын жеңіп отырған. Нәтижесінде, беделді чемпионаттар мен Олимпиадалардың финалдық кездесулеріне он рет шыққан болгар балуанының бірде-бір алтыны жоқ көрінеді!

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір