07.04.2014

Жоғалған тістің оқиғасы


Сақтандыру компаниялары каскадерларға қалай қараса, медиктер де спортшыларға солай қарайтын шығар?!
«Бізге қашан жұмыс тауып береді екен», деп отыратын шығар. Себебі, міндетті түрде солай болады!
Және жай жарақаттар ғана емес, таң қалатын ... жарақаттар да кездеседі.
Мысалы, рентгенге түсуге балуан келеді. Ал суретті қолдарына алған медиктердің таңданысына шек жоқ! Сөйтсе, әлгі спортшының басында ... бөтен біреудің тісі жүр!
Жекпе-жек кезінде спортшы екінші балуанның басымен қатты соқтығысып қалады, сол кезде қарсыласының тісі ұшып түсіп, әлгінің басына ... қонады. Жай қонбайды, ұзағынан «қоныстанады». Себебі, ол тіс жекпе-жек болған күні емес, бірнеше жылдан кейін, балуан дәрігердің алдына басқа жарақатпен келгенде табылады. Ал тісін жоғалтқан балуан тісінің қайда кеткенін де білмеген. Міне, солай!

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір