![](http://webmandry.com/images/stories/2012/10/eifel/eiffel-12.jpg)
Эйфель мұнарасы (фр. Tour Eiffel) - Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды.
Эйфель мұнарасын Марс алаңында құрастыруға екі жылдан астам уақыт кеткен. Сол кездегі ең биік деп саналғанХеопс пирамидасы (137 м), Кельн шіркеуі және Ульм шіркеуінен (167 м) екі есе биік болған.
Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады.
Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифті істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар.
Мұнараны бір мезгілде 10400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі.
Комментариев нет:
Отправить комментарий
Пікір