
Бруклин мен Манхэттенді жалғап жатқан Бруклин көпірі - нағыз инженерлік ғажайып. Бұл жобаны 1883 жылы инженер Джон Роблинг ойлап тапқан. Сарапшылардың барлығы бұл идеяның бекер екенін бірауыздан айтқан болатын. Ең алдымен Роблинг бұл идеяны болашақ инженер ұлы Вашингтонды сендіріп, бірге жүзеге асырмаққа бел буды. Олар көпір құрылысы кезінде кездесуі ықтимал қауіптер мен қиыншылықтарды ескере отыра, құрылыс тұжырымдамасын жасап шықты.
Тіпті құрылысты қаржыландыру үшін банкирлерді қалай көндіргені де белгісіз еді. Олар жұмысшыларды жалдап, үлкен ыждаһаттылықпен өз қиялындағы көпірдің жұмысын бастап кетті. Бірнеше айдан соң, көпірде болған қайғылы оқиға нәтижесінде Роблинг қаза тапты, ал оның ұлы Вашингтон мүгедек болып қалады. Оның миының ауыр зақымданғаны соншалық - не қимылдай, не сөйлей алмай қалады. Барлығы көпір жұмысын тоқтатуды, Роблингтерсіз оны жалғастыру тіпті мүмкін еместігін айтады. Алайда қимылсыз қалған Вашингтонның ақыл-ойы дұрыс болатын. Керуетке таңылған ол сөйлеуді алмастыратынкод ойлап табады. Вашингтон бір саусағы ғана қимылдайтын, соның көмегімен тетікті басудың ерекше жүйесі арқасында әйелімен сөйлесуді үйренеді. Көпірдің құрылысы үшін жауапты инженерлермен де дәл солай сөйлесуді үйренеді. Осылайша Вашингтон ғажайып Бруклин көпірі салынып жатқан кезде он үш жыл бойы өзінің нұсқаулықтарын жалғыз ғана саусағының көмегімен берген екен.
Комментариев нет:
Отправить комментарий
Пікір