Бразилияның жанкүйері Германиямен болған матчтағы жеңілісті көтере алмай өзіне қол жұмсады. 15 жасар бразилиялық Прагийа Тапа өз-өзіне қол жұмсады. “Ол Бразилияның финалға шыққанын өте қалаған еді”,-дейді полиция қызметкерлері журналисттерге берген хабарында. Жартылай финалды Прагийа достарымен бірге өз үйінде тамашалаған. Ертесіне таңда 15 жастағы қызды асылып қалған халде анасы тауып алған. Бразилия ұлттық құрамасы немістерден 7:1 есебімен жеңілді. Бұл жеңіліс жаппай наразылығына себепші болды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий
Пікір