07.04.2014

Қызыл түстің жеңіске әсері



Ғалымдардың анықтауынша, спортшы киген форманың түсі оның көрсеткішіне әсер етеді екен. Бұл факті алғаш рет 2004 жылы Афины Олимпиадасында байқалған: қызыл түсті формада өнер көрсеткен спортшылар төрешілерден ең көп ұпай алып отырған. Әсіресе, бұл бокс, тхэквондо, грек-рим күресі және т.б. қоян-қолтық спорт түрлерінде байқалған. Қызыл түс - агрессия түсі деп бекер айтылмаса керек.
Осы заңдылықты байқаған ғалымдар тәжірибе жасап көрген. Олар , қызыл және көк түсті формадағы тхэквондошылардың жекпе-жектерін төрешілердің қалай бағалайтынына жеке зерттеу арнаған. Кейін қулыққа барып, сол төрешілерге әлгі жекпе-жектердің видеожазбасын көрсеткен, тек олар компьютердің көмегімен спортшылардың кимоноларының түстерін ауыстырған. Нәтиже көрсеткендей, қызыл формадағы спортшылар қарсыластарынан 13 пайызға көбірек ұпай алу мүмкіндігіне ие екен.
Дегенмен, қызыл түстің спортқа әсері туралы бұл түйіндер «британ ғалымдарыны» деңгейінде қалып отыр.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір