07.04.2014

Бокс тарихындағы ең ұзақ және ең қысқа шайқас.


Боксшылардың жекпе-жегі, әсіресе кәсіпқойлардың жекпе-жегі бүгінде белгілі бір формат бойынша өткізіледі. Раундтар саны белгіленеді, бірақ кейде реферидің немесе нокаутқа ұшырап, «кенеттен демалғысы келген» боксшының шешімі бойынша жекпе-жек ертерек аяқталады. Ал бұрынғының спортшылары ондай болмаған сияқты?!
Мысалы, бокс тарихындағы ең ұзақ шайқас 1893 жылдың 6-7 сәуірінде Америкада ерекше бiр бокc болған. Қарсыластардың жекпе-жегі 110 раундқа немесе 7 сағат 19 минутқа созылған.
Қолғап кимей таза жұдырықпен бокстасқан олардың сайысын 6000 жанкүйер тапжылмай отырып тамашалаған.
Бiр қызығы Бэрк пен Боуэнның бұл жекпе-жегiне қазылық еткен 4төрешiнiң 3-i cайыстың соңына дейiн шыдамай, үйлерiне кетiп қалыпты.
Шайқас АҚШ-та, Жаңа Орлеанда өткен. Энди Боуэн пен Джек Берк екеуінің қайсысы мықты боксшы екенін анықтамақ болған. Кездесу барысында реферилер ауысып, шаршағандары ұйықтауға кетіп отырған. Жекпе-жектің аяқталғаны туралы белгіні, екі боксшы да әбден әлсіреп, шайқасты жалғастыруға шамалары қалмаған кезде, төртінші төреші берген.
Бірақ уақыт өте келе, адамдар уақыт үнемдеу керек деп шешкен. 1947 жылы бокс тарихындағы ең қысқа шайқас өткізілген. Ол кездесу де АҚШ-та, бірақ бұл жолы Миннеаполисте «Алтын қолғап» турнирінің аясында өткен. Гонгтың алғашқы белгісі беріле салып боксшы Майк коллинг қарсыласы Пэт Браунсонды алғашқы соққымен нокаутқа жіберген. Жекпе-жек небәрі төрт секундқа созылған.
Ең тез аяқталған шайқас деген атаққа таласы бар тағы бір кездесу Эл Кутур мен Ральф Волтонның арасында өткен. Кутур әлі рингтың бұрышында тұрып, капасын жөндеп тұрған қарсыласын жарты секундтың ішінде сұлатып салған. Спорт этикасы тұрғысынан бұл күмәнді әдіс, бірақ ережемен тыйым салынбаған.
Дегенмен, бұл матчты ең қысқа кездесу деп айтуға болмайды, себебі гонг соғылғаннан нокаутқа дейінгі аралықта 10,5 секунд өткен.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір