11.07.2014

Көлік жүргізу кеңестері. Қалай ұйықтап қалмауға болады?

Жол көлік оқиғаларының көпшілігі көбіне мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру, тәжірибенің жоқтығынан, көліктің ақауынан және жүргізушінің қалғып ұйықтап кетуінен болады екен.  Мен алғашқы төрт себеп туралы тоқталмай-ақ қояйын. Ол онсызда түсінікті. Ал көлік жүргізуде қалай ұйықтап қалмауға болады? Осы жайы бірер кеңес:

 

 

 

1. Шаршау. Бұл ұйықтап қалудың ең үлкен себебі. Себеп: ұйқысыз ұзақ уақыт жүру, түнгі ауысымдағы жұмысынаң бар болуы, ауыр жұмыс істеуі деген сияқты. Бұл тығырытан шығар жолды қарастырып көрейік. Жол ұзақ болса, әр екі сағат сайын үзіліс жасап, көлікті тоқтатыңыз. Бетіңізді салқын сумен жуып, шәй менесе кофе ішіп алыңыз. Аздап жаттығу жасау да үлкен көмегін тигізеді.

2. Мастық. Бұл белгі бойыңызда байқалса, немесе аздап ұрттап өзіңізге ерік беріп қойған болсаңыз Рөлге отыра көрмеңіз! Бұл тек қана ұйықтап кетуге әсер етпейді. Мас күйінде көлік жүргізу қылмыс!

3. Дәрі ішу. Аяқ астынан жол жүру керек болып, өзіңізге белгісіз дәріні ем болсын деп ішіп кете салуға болмайды. Міндетті түрде дәрінің анықтамасын оқыңыз. Ұйқы шақыратын болуы мүмкін.

4. Түнгі уақытта көлік жүргізу.

5. Баяу музыка тыңдау, көлік салонының іші қапырық немесе ыстыққа жақын болуы (22+ градус). Ауаны алмастырып отырған артық етпейді. Ал баяу музыканы көңілді немесе ртмі жоғары әуенмен алмастыруға болады.

 

Іске сәт, Жүргізуші! Жолда ұйықтап кетуден сақ болыңыз!

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Пікір